Тэтчерге берілген Назарбаевтың марапаты. «Достық» ордені саудаға түсті

1040
Adyrna.kz Telegram

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге Қазақстан атынан берілген «Достық» ордені аукционға шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хабарландыру сирек және көне кітаптар мен заттарды сатуға арналған интернет-дүкендердің бірінде жарияланды. Орден шамамен 7,9 млн теңгеге бағаланып отыр.

Айта кетейік, Маргарет Тэтчерге «Достық» ордені Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін 2001 жылы табысталған еді. Сатылымға байланысты шыққан түсініктемеде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс- премьер-министрдің жақтасы болған деген ақпарат келтірілген. 

Пікірлер