Шетелдік спортшыларға бюджеттен ақша берілмейді

183
Adyrna.kz Telegram
Фото: Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі
Фото: Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі

Қазақстан азаматы емес спортшыларға мемлекеттік бюджеттен бір теңге де бөлінбейді. Бұған қоса квазимемлекеттік сектордан да шетелдік атлеттерді қаржыландыру толықтай тоқтатылады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Енді заңға сәйкес басқа елден келген спортшылардың жалақысы да, бонустары да, тіпті трансфер төлемдері де қазынадан қаржыландырылмауға тиіс. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді.

«Легионерлерге 1 тиын бермейтін Заңдық нормамды Үкімет қолдады. Адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. 180 спорт түрі қысқартылады! Тиісті нормамды Үкімет қолдады» - деп жазды Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желі парақшасында.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 49 бабы:
Бірінші бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен  қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады»;
Екінші бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді» - деп жазылды.

49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерінің 6 - тармағы мынадай мазмұнда жазылады:
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
2) мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
3) бұқаралық спорт;
4) спорттық инфрақұрылымды дамыту».

Пікірлер