Ринат Зайытов өзін Мырзатайға теңегендерге жауап берді

1162
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында сөз сөйлеп, Ұлттық театр және «Жаңа қазақ әдебиеті» деген пән енгізуді ұсынған болатын, деп «Адырна» ұлттық порталы.

Бүгін журналистер «Кеше Презиеденттің алдында Ұлттық театр мен «Жаңа қазақ әдебиеті» деген пән ашу мәселесін көтердіңіз. Қоғамда өзіңізге көтерген мәселе қатты сыналды. Тіпті «Екінші Мырзатай өсіп келе жатыр» деген пікірлер айтылды. Президенттің алдында барғандағы көтерген маңызды мәселе осы болды ма?» деп депутатқа сұрақ қойды.
«Мен үшін «Ия». Кеше журналист бауырым «Жол мәселесін неге көтермейсіз?» деп сұрады. Әр сұрақтың көретін маңыздылық деңгейі болса, бір-бірін өлтіріп жатқан, бір-бірін сабап жатқан ұрпақтың басты індеті – идеология мен ұлттық құндылықтардың жоқтығынан. Театр мәселесін 2021 жылдан бері көтеріп келе жатырмын. Былтырғы сұхбатыымда да ескертіп «Егер мен президентпен жолығатын 2 минут уақытым болса, осы мәселені қозғайтын едім» деп айтқам. Қозғап қана қоймай, мәселенің аяғына дейін орндалуын өтінем. Мен Парламентке келгелі бері екі мәселені Оқу-ағарту министрлігіне де, Мәдениет және ақпарат министрлігіне тікелей кіріп айтқанмын», – деді ол.

Сондай-ақ журналистер «Кеше депутат Дәулет Мұқаев екеуіңіз «мектептің 5-сыныбынан бастап орыс тілі оқытылсын» деп ұсыныс тастадыңыздар. Бұл өте маңызды ұсыныс еді. Президенттің алдында осы мәселені неге көтермедіңіздер?» деп сұрақ қойды.

«Бұл мәселе «Жаңа қазақ әдебиеті» пәнінің ішіне кіреді. 1 сыныптан 5 сыныпқа тек қазақ тілінде өткізу деген ұсынысым Асхат Қанатұлы Аймағамбетов министр болып тұрған кезде басталған. Сол кезден 1 сынып толықтай қазақ тіліне өткізілген. Ал қазір мысалы біздің наразылығымызға қарамай 1 сыныпта әліпбиін өте сала, 2-сыныпта орыс тілін өте бастайды. Менің өз қалауым – балаларымды орыс тіліне мүлдем оқытқым келмейді. Зайырлы демократиялық мемлекет қаласақ, бізде сондай таңдау болу керек. Балаларымызды қай тілде оқытуымызды өзіміз таңдау керекпіз», – деді депутат.

Пікірлер