Ринатты қаралаған видео үзіндінің мазмұны басқа болып шықты

3028
Adyrna.kz Telegram
фото: Total.kz
фото: Total.kz

Желіде Ринат Заитовтың Ы.Алтынсарин туралы айтқан видеосы тараған еді. Бірақ видео үзіндісінің мазмұны басқа болып шықты. Бұл туралы Арман Әубәкір өзінің фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ақыры әлгі сұхбаттың үзіндісін таптық. Бізге берілген емес, Думан Мұхамедкәрімнің арнасындағысы екен. Анау жұртқа тарап жүрген нұсқада үзіп-үзіп, жамап Ринат Зайытов айтқысы келген ой мүлде түсініксіз болып қалған. Мұнда Ринат Ыбырай Алтынсарин қазақша мектеп ашу үшін орыс патшасын қалай алдағанын, ұлт мүддесі үшін өз абройын да тәрк етуге дайын болған жанкешті ерлігін айтқан. Ал үзіп-кесіп елге ұсынған кезде Ыбырайды шоқынған деп айыптаған адамға ұқсап қалыпты. Бұл сұхбат сайлаудың алдында, осыдан 8 ай бұрын шыққан. Содан бері талқылайтын болса, әлгілер қайда қалыпты? Ринат Зайытовты қаралаймын деп күн-түн ұйықтамай еңбектеніп жүрген кісілерге бір сөз арнағым келіп тұр. Мұндай пайдасыз іске уақыт өлтіргенше бір жөні түзу жұмыс тапсаңыздаршы. Әйтпесе, қайта-қайта өтіріктеріңіз шығып қалып, керісінше Ринаттың абыройын көтеруге қызмет етіп жүрсіздер», - деп жазды Арман Әубәкір.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

«Адырна» ұлттық порталы
Пікірлер