Әуе шабуылы. Ливанда қаза тапқандардың саны өсті

1094
Adyrna.kz Telegram
Фото: Фото: Marwan Naamani
Фото: Фото: Marwan Naamani

Израильдің Бейрут орталығына жасалған әуе шабуылынан кем дегенде алты адам қаза тапқаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ВВС мәліметінше, сәрсенбі күнгі шабуылдан 11 адам жараланған. Ливан денсаулық сақтау министрлігі  соққы салдарынан "Хезболлаға" тиесілі медициналық мекеме зақымданғанын хабарлады.

Шетелдік БАҚ Бейруттың оңтүстігінде де үш жарылыс болғанын, одан кейін тағы екі жарылыс тіркелгенін мәлімдеді. Салдарынан Ливан парламенті мен БҰҰ-ның аймақтық штаб-пәтері маңындағы Әл-Башура ауданындағы ғимарат қираған. Израиль әскері дүйсенбі түнде Бейрут орталығына алғашқы шабуылын бастады, негізінен "Хезболла" нысандары шоғырланған қаланың оңтүстік шетіне шабуыл жасалған.

Израиль әскерилері түнде тағы да Ливан астанасының оңтүстігіндегі кейбір аудандардың тұрғындарына ЦАХАЛ оларға шабуыл жасауды жоспарлағандықтан, аумақтан кетіп қалу қажет екенін ескерткен.

"Сіздер "Хезболлаға" тиесілі нысандардың жанындасыздар, армия жақын арада оларға қарсы әрекет етеді", - деп мәлімдеді ЦАХАЛ өкілі Авихай Адраи.

Айта кетейік, 1 қазанда Иранның Израильге жасаған зымырандық шабуылынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алған болатын.

Пікірлер