Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында өткен көкпар кезінде бірнеше көрермен зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Мой город» -қа сілтеп.
«28 қыркүйекте көкпар кезінде аттар турникеттерді құлатып, турникеттер артында тұрған бірнеше көрермен зардап шекті», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл күні Бәйтерек ауданы 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан еді. Іс-шаралар бағдарламасында көрмелер, спорттық жарыстар, мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ көкпар болды.
Жарысқа Батыс Қазақстан облысының ғана емес, Ақтөбе, Атырау облыстарынан да командалар қатысты.
Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек айтуға уәде берді.