Санкция салқыны: МсDonald’s Қазақстандағы жұмысын біржолата тоқтатты 

3044
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатты. Франшизаның жұмысын тоқтатуына Ресейден келетін ет тасымалдау қызметінің тоқтауы себеп болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ет жеткізу мәселесінің туындауына байланысты МсDonald’s франшизасы Қазақстандағы жұмысын біржолата тоқтатынын мәлімдеді. Бұған дейін корпорация өкілдері Ресейден ет тасымалдап, өз қызметін жүргізіп келген.

Бұған қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі төмендегідей мәлімдеме жасады:

- McDonald's мейрамханалар желісі ресейлік ет өнімдері және жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етілді, онда компанияның ірі тарату орталықтары болды. Бірақ McDonald's-тың Ресейден кетуіне байланысты шикізатты жеткізуде мәселе туындады.

Журналист Айдос Жұқанұлы McDonald's мейрамханалар желісінің елден кету себебіне қатысты:

- 30 жылда McDonald's-ке қарапайым котлет әзірлей алмаған аграрлы Қазақстан, - деп пікір білдірді.

Қазақстанның Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлемге әйгілі брендтің елден кетуін жақсы үрдіске баламайды.

Әлемге әйгілі брендтер Қазақстаннан қашқаны жақсы үрдіс емес. Шет елдің мықты инвесторларлар ендігі кезде "Жаңа Қазақстанды" алыстан айналып өтеді, біздің реформаларға сенбейді деген сөз. Оның орына Ресейдің рестораны келсе, тіптен, шын "қоқыстық" деңгеймізді дүние жүзіне "паш етеді", -деп жазды Мұрат Әбенов.

Негізінен алғанда, Қазақстандағы McDonald’s брендінің алғашқы мейрамханасы 2016 жылы ашылды. Елде жалпы 24 мейрамханасы болды. Олар Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында орналасты. Мейрамханалар 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер