БҚО-да көкпар ойыны кезінде бірнеше көрермен жарақат алды

2327
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_8241.png
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында өткен көкпар кезінде бірнеше көрермен зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Мой город» -қа сілтеп. «28 қыркүйекте көкпар кезінде аттар турникеттерді құлатып, турникеттер артында тұрған бірнеше көрермен зардап шекті», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Бұл күні Бәйтерек ауданы 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан еді. Іс-шаралар бағдарламасында көрмелер, спорттық жарыстар, мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ көкпар болды. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының ғана емес, Ақтөбе, Атырау облыстарынан да командалар қатысты. Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек айтуға уәде берді.
Комментарии
Другие материалы