Оңтүстік Қазақстанда әскери қызметкер қаржы мәселесіне байланысты жазасын қамауға алумен өтеуді сұрады

709
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы Қордай аудандық соты қызметтік қарудан оқ атқан әскери қызметкерге қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарынан анықталғандай, ағымдағы жылдың мамыр айында кіші сержант жарғылық ережелер мен бөлімше командирінің бұйрығын бұза отырып, бақылау-өткізу пунктінде тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде қаруын қабынан алып шығып, оқ атқан.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, материалдық қиындықтарға байланысты айыппұлды төлей алмайтындықтан, қамауға алуды сұрады.

Әскери қызметшінің жазасы 25 АЕК (2024 жылы 92 300 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды қамтыды. Сот шешімімен әскери қызметкер кінәлі деп танылып, бес тәулікке қамауға алынды.

«Ол жазасын өтеу үшін Алматы облыстық гарнизоны әскери полиция басқармасының гауптвахтасына жіберілді», - деп хабарлады сот.

Пікірлер