Арыста әскери бөлім аумағында 3 адам қаза тапты

3729
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 5 шілде күні Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде орын алды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты.

Одан бөлек тағы бір жұмысшы мен әскери қызметкер Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр.

Оқиға аясында ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімімен ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Пікірлер