Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі әскери жағдайды жариялауға қатысқан офицерлерді қызметтен шеттетті

2133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/74c1de21-bc7b-4ce7-a291-e2ed2c360b2a-960x500.jpeg?token=8da09500dd6a883b3ba82a6cc7a4d09d

Оңтүстік Корея Республикасының Қорғаныс министрлігі жұма күні Корея президенті Юн Сок Ёл енгізген әскери жағдайды жариялауға қатысқан үш әскери басшыны қызметінен уақытша шеттеткенін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрліктің мәліметінше, астана қорғанысы қолбасшылығының, құрлықтағы әскерлер арнайы операциясы қолбасшылығының және қарсы барлау қолбасшылығының бастықтары қызметтен алынып, басқа бөлімшелерге ауыстырылды.

Бұл оппозициялық блоктың соғыс жағдайын жариялаудың жаңа әрекетіне қатысты алаңдаушылықтарымен байланысты.

Пікірлер