Клиникадағы өлім. Әкімшілік желідегі ақпаратқа жауап берді

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OKpoM75LlnK8RNhIMBrAARv2Q52Jj5AX8uQ6Buwy.jpg

Депутат көз жұмған клиника өкілдері желідегі ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Клиника өкілдерінің айтуынша, желіде тарап жатқан кейбір мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Мекеме таратқан хабарламада жарияланымдарда айып тағылған дәрігердің аталған операцияны жүргізбегені айтылған.

Сонымен қатар клиника марқұм Ербол Айтуовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұған қоса, әлеуметтік желілерде айтылған «клиниканың лицензиясы жоқ» деген ақпарат та жоққа шығарылды.

Клиника мәліметінше, мекеме 2015 жылғы 31 шілдеде берілген №00650DE лицензиясы негізінде жұмыс істейді. Лицензия аясында анестезиология және реаниматология қызметтерін көрсетуге рұқсат бар екені хабарланды.

Сондай-ақ клиника Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тексеруі аяқталғанға дейін БАҚ өкілдерін, паблик әкімшілерін және әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ербол Айтуов Ақтаудағы жекеменшік клиникада жасалған отадан кейін қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Пікірлер