9 жастағы бала әткеншектен құлап, көз жұмды

1058
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап, мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жасөспірімнің қатты соққыдан басы жарылып, омыртқасы мен қабырғалары сынған. Бала әткеншектен құлап, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні тіркелген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Кәмелеттік жасқа толмаған баланың қайтыс болуына қатысты 306-бап – "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр",- деп хабарлады полицейлер. Қайғылы жағдайды жедел жәрдем қызметіне көршілері хабарлаған. "Кешкі сағат 19:02-де қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы сағат 19:09-да жетті. Бала ес-түссіз болған. Көршілер алғашқы көмек көрсеткен. Медицина қызметкерлері 30 минут бойы реанимациялық көмек көрсетті. Нәтиже берген жоқ. Сағат 19:41-де мидың біржола семуі тіркелді. Бала ашық бас ми жарақатын алған, бас сүйегі, мойын омыртқасы, қабырғасы сынған. Кеуде қуысы қысылған",- деп хабарлады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Пікірлер