Ақтөбеде өзін «жергілікті айғырмын» деген жүргізушіге 14 хаттама толтырылды

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rYdEJSrQxG5Rs9LMIZQCBh5zzbPvyA3SDGYYYZNZ.jpg

Ақтөбеде жергілікті тұрғын жол үстінде «шоу» ұйымдастырғаны үшін бірден 14 әкімшілік айыппұл арқалады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

ПД таратқан видеода жүргізуші өзін «жергілікті айғырмын» деп таныстырған.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жас жігіттің көлік басқару кезінде өрескел жол ережелерін бұзған бейнежазбасын анықтады. Ақтөбе қаласындағы басты даңғылдардың бірінде жүргізуші жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған. Оның үстіне өз әрекетін бейнекамераға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған. Шамасы, жүргізуші лайк пен қаралым жинауды көздеген. Алайда әлеуметтік желідегі танымалдықтың орнына полиция қызметкерлерінің шынайы назарына ілікті. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды»,— делінген хабарламада.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылған.

Пікірлер