Ақтөбе облысында 8 адам қаза тапқан жантүршігерлік апат орнында фото мен видеолар пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Айта кетсек, 7 тамызда Самара-Шымкент тас жолының 862-ші шақырымында (Хромтау ауданы) жол апаты болып, жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысқан.
Ауыр жүк көлігімен соқтығысқан минивэнде 8 адам болған: үш ер адам және бес бала. Барлық жолаушылар мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Көлікте әкесімен бірге екі ұл – ағайындылар болған.
Білім басқармасының хабарлауынша, 7 тамыз күні таңертең Toyota Ipsum көлігі Әйтеке би ауданынан Маңғыстау облысына бет алған. Балалар футбол турниріне қатысуы керек еді.
«Біздің мәлімет бойынша, балалар ата-аналарының рұқсатымен, тіпті кейбіреулері ата-аналарымен бірге Маңғыстау облысына 2013 жылы туған оқушылао арасында футболдан өтетін турнирге жолға шыққан. Бұл туралы бізге ресми ақпарат түскен жоқ. Ресми рұқсат, келісім жоқ», - деді ол бұған дейін Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Полицияның мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген, қазір түсініктеме беріп жатыр. Апаттың себептері анықталуда.
«Alumni NIS» қағидаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы кездесуінде айтылды