Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру емханасының директоры мен есепшісі жемқорлық әрекеті үшін сотталды

878
Adyrna.kz Telegram
фото: azattyq ruhy
фото: azattyq ruhy

Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру емханасының директоры мен есепшісі жұмыс істемейтін азаматтың атынан жалақы жүргізіп, 3,4 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының медициналық және дене шынықтыру диспансері» КММ-нің меңгерушісі И.Долбилова мен осы ұйымның есепшісі Абдукаримова М.-ға қатысты үкім шығарды.Олар ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Еңбек қызметімен нақты айналыспайтын тұлғаға заңсыз еңбекақы төлеу арқылы 3,4 млн теңге бюджет қаражаты өндірілді», - делінген хабарламада.

Екі айыпталушы да екі жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Пікірлер