Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру емханасының директоры мен есепшісі жұмыс істемейтін азаматтың атынан жалақы жүргізіп, 3,4 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының медициналық және дене шынықтыру диспансері» КММ-нің меңгерушісі И.Долбилова мен осы ұйымның есепшісі Абдукаримова М.-ға қатысты үкім шығарды.Олар ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Еңбек қызметімен нақты айналыспайтын тұлғаға заңсыз еңбекақы төлеу арқылы 3,4 млн теңге бюджет қаражаты өндірілді», - делінген хабарламада.
Екі айыпталушы да екі жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз