Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру емханасының директоры мен есепшісі жемқорлық әрекеті үшін сотталды

2095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_7895.jpeg
Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру емханасының директоры мен есепшісі жұмыс істемейтін азаматтың атынан жалақы жүргізіп, 3,4 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының медициналық және дене шынықтыру диспансері» КММ-нің меңгерушісі И.Долбилова мен осы ұйымның есепшісі Абдукаримова М.-ға қатысты үкім шығарды.Олар ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Еңбек қызметімен нақты айналыспайтын тұлғаға заңсыз еңбекақы төлеу арқылы 3,4 млн теңге бюджет қаражаты өндірілді», - делінген хабарламада. Екі айыпталушы да екі жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
评论