Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

640
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бір қызығы, 9 қыркүйекте сағат 09:09-да қатысушылар 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-ұядан бастап есептеумен сайысқа түсті.

Сонымен қатар, ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.

”Бұл іс-шара – үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны”, делінген хабарламада.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және Араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.

Пікірлер