"Кosmosdan gapiramiz". Өзбекстан ғарыш саласына ден қойды

1069
Adyrna.kz Telegram
Фото: SPACEX/AFP
Фото: SPACEX/AFP

2025 жылғы 13 қаңтарда Өзбекстанда «Ғарыштық қызмет туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Норма» құқықтық порталына сілтеме жасап.

Құжат ғарыш саласындағы қызметтің негізгі бағыттарын, мақсаттары мен принциптерін анықтап, осы салаға жауапты органдардың өкілеттіктерін белгілейді.

Заңның басты мақсаты – елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайту, Жер мен ғарыш кеңістігін зерттеу және ғылыми білімді дамыту. Сонымен қатар, ғарыштық технологияларды пайдалану арқылы салаларды цифрландыруды жеделдету, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зерттеулер жүргізу көзделген.

Заңға сәйкес, арнайы уәкілетті орган ретінде «Өзбекғарыш» агенттігі белгіленіп, оған Цифрлық технологиялар министрлігі басшылық етеді. Құжатта Министрлер кабинетінің, цифрлық технологиялар министрлігінің және қорғаныс министрлігінің міндеттері көрсетілген. Сонымен қатар, спутниктерді пайдалану, ғарыштық-зымыран кешендерін қолдану, ғарыш нысандарын утилизациялау, денсаулықты, қоршаған ортаны және мүлікті қорғау сияқты негізгі ережелер қамтылған.

Министрліктер мен ведомстволар жыл сайын 20 шілдеге дейін ғарыштық қызметтерге қажеттіліктер туралы есеп беруі тиіс. Есепте қызмет көлемі, орындалу мерзімі мен кезеңділігі көрсетіледі.

Заң «Народное слово» газетінде жарияланып, 2025 жылғы 15 қаңтарда күшіне енді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер