Футболдан Қазақстан мен Норвегия ойыны тең аяқталды

699
Adyrna.kz Telegram
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Футболдан Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Норвегия арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматыда Ұлттар лигасының екінші дивизионының Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы ойын тең аяқталды.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Спорт сарапшылары ойын алдында Норвегия құрамасының жеңіске жететінін, ал "Манчестер Ситидің" топ шабуылшысы Эрлинг Холандтың көп гол соққан ойыншы атанатынын болжаған еді. Бірақ Қазақстан құрамасының қорғаныс шебі әлемдік футбол жұлдызын тоқтата білді.

Бірінші тайм толықтай қонақтардың басымдығымен өтті. Норвегиялық Феликс Мюрет қақпа маңдайшасынан қайтты. Екінші таймда да есеп ашылған жоқ. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Станислав Черчесов ауыстырулар жасады, бірақ ауысымдар ешқайндай нәтиже бермеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан құрамасын Люблянада Словения құрамасымен кездеседі.

Пікірлер