Қазақстанда дінге сенбейтіндердің құқығын қорғайтын заң шықты

4082
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов дін саласындағы заңдарға сәйкес  "дінге сенбейтіндердің құқықтары" деген анықтама енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. 

- Біз діндарлар мен дінге сенбейтіндердің де құқықтарын бірдей қамтамасыз етуді көздейміз. Осыған байланысты, біз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, "дінге сенбейтіндердің құқықтары " деген ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Мысалы,  қазіргі уақытта бізде дінге сенушілердің құқықтары бар, сол сияқты біз дінге сенбейтіндердің құқықтарын да шектемеуіміз тиіс. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Дінге, конфессияға, этникалық қатыстылыққа қарамастан заңның үстемдігі бәрінен жоғары, – деп хабарлады Нукежанов ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елімізде діни ахуал тұрақты.  Алдағы уақытта дін саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тағы бірқатар өзгерістер болады деп жоспарлануда.

- Біздің комитет дін саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар жұмысты жалғастырып жатыр.  Соның аясында біз діни бірлестіктерді тіркеуді және діни іс - шараларды өткізу мәселелерін оңайлатуды көздейтін кейбір түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз, – дейді спикер.

Айта кетейік,  2019 жылы Қазақстанда дінге сенбейтін адамдардың саны барлық халықтың 18%-ын  құраған. Ал 75%-ы  өздерін дінге сенетіндердің қатарына жатқызды. Бірақ, көбісінің діни әдет-ғұрыпты қатты сақтамайтыны, діни бірлестіктерге де көп қатыса бермейтіні анықталған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер