Қазақстан ЖІӨ бойынша көршілерін басып озды

1108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uRIWSoKZOK7EzCwlLUJpXC6qlyM3mS8VY2QBJJ1M.jpg

Халықаралық валюта қорының жаңа деректеріне сәйкес, Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша көрші елдердің арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Статистикаға сай, елімізде бұл көрсеткіш 14,77 мың долларды құрады. Бұл Ресейдегі 14,26 мың доллардан және Түрікменстандағы 13,34 мың доллардан жоғары. Қытайдың көрсеткіші – 13,69 мың доллар.

Рейтингтің келесі сатысында Грузия (9,57 мың доллар), Армения (8,86 мың доллар), Молдова (8,26 мың доллар), Беларусь (7,88 мың доллар), Әзербайжан (7,6 мың доллар), Украина (6,26 мың доллар), Өзбекстан (3,51 мың доллар), Қырғызстан (2,75 мың доллар) және Тәжікстан (1,43 мың доллар) орналасқан.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан экономикасының тұрақты өсімі мен өңірдегі позициясы нығайған. Елдің жетістігі табиғи ресурстардың мол қоры, іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған реформалар, инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту сынды бірқатар факторлармен байланыстырылған.

Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына бөлінген қаржы халықтың өмір сүру деңгейін көтеріп, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етті. 

Пікірлер