4 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қайрат Сатыбалды сыбайлас жемқорлық үшін 6 жылға сотталған еді. Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды.
Жазасының қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізетін болды.
Түрмеден шыққан ағасын інісі Самат Әбіш қарсы күтіп алды. Оған да сот 8 жыл шартты жаза тағайындаған.
Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, халық пен президенттен кешірім сұраған еді.
Айта кетсек, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған. Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты оны мүлкін тәркілей отырып 6 жылға соттады.
Сондай-ақ биыл тамызда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шығып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.Ұқсас жаңалықтар
Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды дейді. Оны қалай иемденді дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса, іс қозғалу керек емес пе?