ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Тв арқылы кешірім сұраудың юридикалық түсіндірмесі бар ма?

3258
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Тв арқылы кешірім сұраудың юридикалық түсіндірмесі бар ма? Осында бірнеше заңгерлер бар, консультация беріңіздерші.

Мысалы, айталық, Тартыпалды деген біреу тв арқылы бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрады делік. Қазақ халқы деген соң оған мен де кірем, бірақ мен кешірім бергім келмейді. Жалғыз мен емес, қазақ халқының басым бөлігі кешірімің не, тіпті әлгі Тартыпалдыны көргісі де келмейді делік, сонда не болады? Бұл тек жәй формализм болып шықпай ма? Ендеше сұрап не керек? Мұның сот жазасын жеңілдетуге қаншалықты қатысы бар?

Сондай-ақ сепаратистер ауыздарына келгендерін құсып, артынан кешірім сұрап жазадан құтылып кетіп жатады, ондайдың әлденешеуіне куә болдық. Сонда бұл қалай? Осы процедура заңды ма? Заңды болса ол қылмыстық Кодексте қалай қаралған? Арнайы жүйесі бар ма? Кешіреміз, немесе кешірмейміз деген сияқты қандай да бір реакция болуы керек, оны фиксация жасайтын орган болуы керек шығар? Сондай-ақ президенттен кешірім сұрап құтылып кету ше? Оған сондай құқық берілген бе? Берілмесе ендеше бұрын осылайша құтылып кеткендерді қайта қамау керек шығар? Заңгер емеспін, сондықтан түсініктеме керек.

 

Қуаныш Еділханов

 

 

 

Пікірлер