Ақтөбедегі оқушы өлімі. Полиция жаңа мәлімет берді

1133
Adyrna.kz Telegram

Темір ауданында бір топ оқушының төбелесінен кейін қаза тапқан 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысы болуы мүмкін 3 күдікті ұсталды. Олардың бәрі кәмелетке толмаған жасөспірім. Бұл туралы полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қылмыстық іс полиция департаментінің өндірісіне қабылданды. Процессуалдық прокурор тағайындалды. Қазір объективті және жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Үш кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады», - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін жас баланың өлімінен кейін мектеп директоры қызметінен кеткенін жарияладық.

Пікірлер