Ресейде бортында 22 адам болған тікұшақ жоғалып кетті

686
Adyrna.kz Telegram
Фото: ru.sputnik.kg
Фото: ru.sputnik.kg

Камчаткада Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ «Витязь-Аэро» әуе компаниясының тікұшағы көздеген жеріне жете алмаған.

«Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы діттеген жеріне келмеді деген хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі бар», - делінген  ТАСС ақпаратында.

Жоғалған ұшақта 22 адам болғаны анықталды.

«Камчатка өлкесінде «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8Т тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. <…> Тікұшақтың бортында алдын ала мәлімет бойынша 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы бар», - делінген хабарламада.

Пікірлер