"Орынға талас". Лондонға шыққан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған

1221
Adyrna.kz Telegram
Фото: Press
Фото: Press

Ryanair әуекомпаниясының Агадирден Лондонға шыққан рейсі әуеге көтерілген. Алайда ол 36 минуттан соң қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Press басылымына сілтеме жасап.

Агадирден ұшқан ұшақ Марракешке қонды. Себебі ұшақ бортындағы жолаушылар орынға таласып, жаппай төбелес ұйымдастырған.

Куәгерлер оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. Ер адам қызының қасында отырған жолаушыдан орын ауыстыруды өтінген. Алайда әйел адам өз отбасына жақын отыруы үшін орнын босатудан бас тартқан. Алайда ер адам әйелді қорқыта бастапты. Араға әйел адамның күйеуі араласып, артынша жанжал соңы төбелеске ұласқан.

"Бұл тозақтан шыққан рейстей болды. Олар бір-бірін ұруға тырысты. Отбасының бірі басқа да адамдармен бір топта ұшып бара жатыр екен, сондықтан оған басқа жолаушылар да қосылды", - дейді куәгерлер.

Басқа жолаушылар да әйелді жақтаған. Сөйтіп, тоғыз адамның арасында төбелес шығып, оны жолаушылар да, стюардессалар да тоқтата алмаған.

Оқиғаға байланысты рейс кешігіп, 200 жолаушы бір түнге әуежайда түнеген.

Пікірлер