Елімізде спорт саласында биік тұғырдан көрінген спортшыларымыз көп. Оның басым бөлігі ауылдан шыққан чемпиондар. Сол себепті Жетісу облысы ауылдарда спорт нысандарын көбейтуге назар аударып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әкімдік биыл облыс бойынша 14 спорт нысандарының ел игілігіне қолданысқа берілетінін хабарлады.
Әкімдіктің желідегі парақшасында Алакөл ауданына қарасты Лепсинск ауылында дене шынықтыру және спорт кешені, Панфилов ауданы Үшарал ауылында дене шынықтыру және спорт кешені, Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында дене шынықтыру және спорт кешені, Текелі қаласында дене шынықтыру және спорт кешені, Талдықорған қаласында волейболдан оқу-жаттығу спорт кешені, Ақсу ауданындағы Қапал ауылында және Панфилов ауданы Көктал ауылында анғар типті спорт кешендерінде құрылыс қарқынды жүргізіліп жатқаны жайлы ақпарат көрсетілген.
Одан бөлек, биыл Жетісу орталық стадионы реконструкциядан өткен.