Халықаралық спорт қауымдастығы журналист Михаил Козачковты босатуды сұрайды

2747
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық спорт қауымдастығы журналист Михаил Козачковты босатуды сұрайды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

"Козачков Советский спорт (Ресей), UEFA.com, ProSport, Liter және Gazeta.kz сияқты басылымдарда жұмыс істеген. Қазақстандық журналист 18 желтоқсанда қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторында отыр. Халықаралық спорт қауымдастығы бұл жалған жаңалықтар мен Михаил Козачковқа қатысты айыптауларды дұрыс емес деп есептейді және оның тез арада босатылуын және бұл жағдайдың тез арада шешілуін талап етеді”, –делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Козачковтың журналистикамен 20 жылдан астам уақыт айналысқаны, ол 10 жылын спорт журналистикасына, 10 жылын журналистік зерттеу бағытына арнағаны атап өтіледі.

"Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығы Михаил Козачковты тез арада босатуды сұрайды. Сөз бостандығы, пікір және ақпараттың еркін таралуы сияқты құндылықтар қашан да маңызды болуы қажет. Козачков босатылуы керек. Қазақстан билігі де журналистерді жасаған еңбегі үшін айыптамауы керек. AIPS жағдайды бақылауды жалғастырады және тек журналистерге ғана емес, барлық азаматтарға кепілдік берілген қағидаттар мен құқықтарды қорғау үшін соңына дейін күреседі", – делінген хабарламада.

Пікірлер