Жоғарғы сот бұрынғы президент Назарбаевтың мүлкі туралы арызды қанағаттандырмады

2144
Adyrna.kz Telegram

Жоғарғы сот экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығын қараудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық Қайыргелді Смағұлов Назарбаевтың мемлекетті басқарған жылдарында жинаған мүлкін мемлекет пайдасына өндіріп алуға бағытталған талап қойып, арыз жазған болатын.

Сот азаматтың арызын одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты.

"Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді", – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Бұған дейін де елордалық тұрғын Смағұлов экс-президентке екі рет арыз жазған. Оның сөзінше, Назарбаевтың президент ретіндегі әрекеттері бүкіл адамзатқа қауіп төндірген.

Алғашы арыздар бойынша Жоғарғы сот Қайыргелді Смағұловтың экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы “мүлкін мемлекет пайдасына өндіру” туралы арызын қараудан бас тартты.  Себебі "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" заңда Назарбаевты президент ретіндегі өкілеттіктерін орындауға байланысты әрекеттері үшін жазалауға болмайды.

Пікірлер