«Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңге сұраған». Астаналық әйелге қатысты тергеу аяқталды

1032
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 миллион теңге пара сұраған астаналық әйелдің ісін тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бекайдаровтың айтуынша, әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенген.

"Ол Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген сылтаумен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемденбек болды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар күдіктілердің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп бағаланып отыр. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды, тараптар іспен танысып жатыр", – деді Данияр Бекайдаров.

Айта кетейік, биыл 21 маусымда Антикор экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.

Еске салайық, соттың үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған.

Пікірлер