9 млн теңге пара алған. Қостанай облысында шенеунік ұсталды

1218
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Қостанай облысында авторлық қадағалау тобының жетекшісі медициналық нысандарды салушылардан 9 млн теңге пара алған. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Ол "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салатын компанияның бас инженерінен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 000 000 теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған", - делінген хабарламада.

Күдікті қолма-қол ақша алған кезде ұсталды.

"Заңсыз сыйақы мөлшері медициналық объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-ін құрайды", - деп толықтырды ведомство.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер