Ауруханаға жатқызылды. Теміртауда 6 жасар бала үшінші қабаттан құлады

1100
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Бүгін, 3 тамыз күні Теміртау қаласында 6 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес,  Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады.

Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
  • Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
  • Ешқашан москит торларын қолданбаңыз, балалар оларға сүйеніп құлайды!
  • Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!
Пікірлер