Теміртауда 12 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

1164
Adyrna.kz Telegram
фото: Теміртау ТЖД баспасөзінен
фото: Теміртау ТЖД баспасөзінен

Теміртауда 12 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оқиға 9 тамызда кешкі уақытта болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Тәуелсіздік бульварында болған. 2011 жылы туған қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде ересектер көрші бөлмеде болған.

Бала алған жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Жасөспірімнің денсаулық жағдайы туралы ақпарат айтылмайды.

Жалпы, биыл Қарағанды ​​облысында балалардың терезеден құлауының 21 оқиғасы тіркелсе, оның төртеуі өліммен аяқталды.

Пікірлер