Ферроқорытпа зауытындағы апат. Зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды

1001
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды. Төрт науқастың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы 25 шілдеде Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

Бақилық болған Адамчук Дмитро балқыту цехының механигі, ал Төлеген Жетпісбаев бас механик қызметінің шебері болып жұмыс істеген.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында пештен өрт шығып, 8 адам жарақат алды. Бұған дейін 2 жұмысшы қайтыс болғанын жазған едік.

Пікірлер