Талдықорған полициясының басшысы генерал Марат Күштібаев “әйел зорлады” деген күдікпен ұсталды. Оның ұсталғаны жөнінде Жетісу облыстық Ішкі істер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қалалық полиция бастығы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс «лауазымды тұлғаның міндетін атқару кезінде зорлық көрсетуі» бабы бойынша тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді “ерекше бақылауға” алғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл қарсаңында Мәскеуде митинг болды: наразылық білдірушілерді ұрып-соғып, күріш вагондарына тиеген