БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ұрлықтың математикасы немесе утилалым

1644
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

"Жасыл Даму" АО утилалымнан жиналған соманың көлемін жариялады. Бұдан бұрын да "Оператор" РОП ЖШС жария еткен еді. Қазір бәрі "Жасыл Даму" АО берілді ғой.

2016 жылдың қыркүйегінен 2021 жылға дейін "Оператор" РОП ЖШС-не халықтан 614,5 миллиард теңге жиналған.

Ал,  "Жасыл Даму" АО 2022 жыл мен 2023 жыл арасында 447,3 миллиард теңге жинап алған.

2016 жыл мен 2023 жыл арасында утилалымнан 1 триллион теңге жинап алған.

Ал бұған қосымша қосымша құн салығы 12%, кеден салықтары әр көліктен 15% аралығында ұсталып отырған. Алғашқы тіркеу өз алдына, оған миллиондап опырып жатыр.

Бұл соңғы қаржы емес. Бұлар мемлекеттен басқа да жеңілдіктерге ие болды. Салықтан босатылды. Қосымша құн салығынан да босатылып, Даму банкінен несиелер алып келді. Соның бәрін ескере келе, халықтан барлығы 2 триллион теңгеге жуық қаражат жинап алған.

Долларға шаққанда 5 миллиард долларды құрайды. Бұл қаражатқа толық жұмыс цикліндегі 4 ауқымды авто өндіріс салуға болады. Тіпті, қосымша инфрастуктурасымен жасақтап алуға жетеді.

Дәл осы қаражатпен жемқорлықсыз жоспарлы түрде процесті жүргізген болса, елдегі 40% жуық автокөлік жеңіл бағада, қолжетімді, әрі  жаңарып шыға келер еді.

Бұлар сегіз жыл триллиондаған ақша жинап алды, қане мініп жүрген қолжетімді әрі жаңарып тұрған көлігіміз!?

Міне, біздегі автоиндустрияның жағдайы.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өзін өзі қашанғы алдай береді!?

 

Бекболат Қаржан

 

 

Пікірлер