Утильалымның мәселесін қарайтын комиссия құрамына алты министр орынбасары кірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы kolesa.kz-ке сілтеп.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утильалымның мәселесін қарайтын комиссия құрамын бекітті.
Комиссия құрамына депутаттар, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауылшаруашылық, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері кірді.
Утильалымға қатысты мәселені мәдениет және ақпарат вице-министрі мен сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа мүдделі органдардың өкілдері талқылайтын болады.
Одан бөлек комиссия құрамына петицияның авторы мен қоғамдық ұйымдардың, сарапшылар қоғамының және өнеркәсіп секторының өкілдері қатысады.
Жұмыс тобының қызметі туралы барлық мәліметті ресми сайт пен телеграм-каналдан оқуға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, утильалым мен бастапқы тіркеу алымын алып тастау туралы eOtinish сайтында жарияланған петиция аз ғана уақытта 50 мың қол жинаған.