Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

904
Adyrna.kz Telegram
Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстанда жол апаты болып, атокөлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көлік салонынан үш адамның мүрдесі табылған. Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 маусым күні 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында болған.

"Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Пікірлер