Биыл 14 бала терезеден құлап кетті - Ресми статистика

3077
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c

Елімізде жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл деректі Бала құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова мәлімдеді.

"Біз сізден терезеге арнайы бұғаттағыш орнатуды сұраймыз. Қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Үйіңіздің терезелері сенімді жабылғанына және баланың қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, балаңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бір сәттік немқұрайлық үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Балаларымыздың қуанышты күлкісі мен алаңсыз балалық шағы үшін аса мұқият және қырағы болуымыз керек. Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар! Әр бала бақытты және қауіпсіз балалық шаққа лайық екенін есте ұстаған жөн", - деп еске салады Насымжан Оспанова.

Ол бұл статистиканың жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті.

Пікірлер