Бурабай лагерінде 14 бала уланып, ауруханаға жатқызылды

1358
Adyrna.kz Telegram

Бурабай лагеріне демалуға барған 14 бала тамақтан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бурабай ауданында уланғандар ауруханаға жатқызылды.

«Авиценна — Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаев 22 маусым күні сағат 01.00-ден таңғы 06.15-ке дейін 8-17 жас аралығындағы 14 бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жүгінгенін мәлімдеді.

«Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты — жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгінген. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады», - деп түсіндірді бас дәрігер Евгений Бекаев.

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілген. Қазір 12 баланың асқазанын жуылды. Ал үш балаға инфузиялық терапия жасалыпты.

Дәрігерлер улану дерегі бойынша шұғыл хабарламаны Бурабай ауданы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.  Ендігі кезекте санитарлық дәрігерлер тексеруі керек.

Сондай-ақ Бурабайда балалар тұрып жатқан қонақүйде тамақ берілмейді.

Пікірлер