Бурабайға демалуға барған балалар ауруханаға түсті

1423
Adyrna.kz Telegram
qazaqstan.tv
qazaqstan.tv

Бурабайға демалысқа барған балалар ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар - Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олар 2024 жылдың 30 маусымынан бастап, «Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығында болған.

«Бүгін 7-шілде күні сағат 11:30 шамасында 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог қарады, ЖРВИ-де жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады», - деді ведомстводан.

Ресми дерек бойынша, алты балаға - тонзиллит, екі балаға - бронхит, бір балаға - ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойылған.

Пікірлер