ҚазҰУ субұрқақ жанында қайтыс болған жігіттің өліміне қатысты түсініктеме берді

1610
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті денесі субұрқақ жанынан табылған 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

19 маусымда мектеп түлегі университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда техникалық себептерге байланысты емтихан тапсыру мерзімі кейінге шегерілген. Ал бозбала бірден үйіне қайтпай, ЖОО алдындағы субұрқаққа шомыла кетуді жөн көріпті.

«Субұраққа бірнеше бала келген. Бірақ арасында сол бала ғана суға түскен. Оны судан сол жанындағы балалар алып шыққан. Кісі өлімі себебін медициналық сараптама анықтайтын болады. Жалпы мында «суға түсуге тыйым салынады» деген жазу төрт жағында жазылған. Себебі универститет аумағы көркем әрі жайлы болғандықтан, тұрғындар мен студенттер мұнда еркін жүреді. Олардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде сол белгілерді қойғанбыз. Университетіміздің аумағында болған оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз»,— деді ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов.

Білім ошағы қайғылы оқиғадан кейін субұрқақты өшіріп тастады.

Еске салайық, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те ҚазҰУ субұрқағында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген еді.

Пікірлер