Тіс дәрігеріне барған 22 жастағы қыз көз жұмды

2919
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Полиция департаменті дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ЭК.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы қыз ақыл тісін жұлтыртпақ болған. Себебі, бойжеткен жақында тұрмысқа шығуды жоспарлаған.

Тіс дәрігері қызға төрт ақыл тісін бірден жұлып тастау керектігін айтқан. Сөйтіп, барлығын 420 мың теңгеге бағалапты. Дәрігер оған операция толық наркозбен жасалатынын түсіндірген. Алты сағаттан кейін қыз анафилактикалық шок алып, бірден көз жұмған.

Қазір полиция дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс Әуезов ауданында тіркелді. Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаментінің бақылауына алынды", — деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Туған-туыстары қызды қалыңдық көйлегімен жерледі.

Пікірлер