“Прокурордың арызы түсті”. "Селден қорғаушы" Көкірекбаевтың ісі қайта қаралуы мүмкін

1639
Adyrna.kz Telegram

ҚР Жоғары Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселденқорғау» ұйымының басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ақталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Adyrna.kz ұлттық порталы.

7 маусым күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарап, аса ірі көлемде пара алды делінген Кәрім Көкірекбаевты ақтаған болатын.

Назгүл Мәуілханқызы экс-әкімге шыққан үкім әлі күшіне енбегенін мәлімдеді.

“Өздеріңізде білесіздер істі мен қарамағандықтан нақты мән-жайын айта алмаймын. Ол алқабилердің қатысуымен қаралған. Алқабилер осындай шешімге келді. Менің білуімше қазіргі таңда іс бойынша прокурордың арызы түсті. Енді аппеляциялық сатыда іс қаралады. Бұл туралы сот ақпарат тарататын болады.
Қазіргі таңда алқабилер шешімі заңдық күшіне енген жоқ. Сондықтан ол заңды ма, жоқ па, негізсіз ба айтуға құқылы емеспін” - деді ол.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ директоры Кәрім Көкірекбаевтың пара алу кезінде ұсталған болатын. Ал 7 маусым күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарап, аса ірі көлемде пара алды делінген Кәрім Көкірекбаевты ақтады.

Пікірлер