Бас прокуратура мыңнан астам адамның халықаралық іздеуде екенін айтты

1640
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура мыңнан аса адамның халықаралық іздеуде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform-ға сілтеп.

Бас прокуратура өткен жылы қанша адамның Қазақстанға экстрадицияланғанын айтты.

«2023 жылы Қазақстанға іздеуде жүрген 55 адам Болгария, Грузия, Қырғыз Республикасы, Ресей, Сербия, Түркия, Украина және басқа да елдерден экстрадицияланды. Бұл ретте ұстап беру туралы шарттың болмағындығына қарамастан Германиядан, Латвиядан, Камеруннан, Польшадан, Швециядан іздеудегі адамдарды Қазақстанға экстрадициялауға мүмкіндік болды», - делінген Бас прокуратураның агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоға сәйкес бүгінде 823 адамға мемлекетаралық іздеу жарияланған. Ал 1 543 адам халықаралық іздеуде.

Пікірлер