Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті

1290
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жоғарғы сот судьясы Талғат Ибрашев қызметінен кетті, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Александр Шип судьяны қызметінен босатуды ұсынды.

“Талғат Әулиеханұлы Ибрашев Қазақстан президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі жарлығымен Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Құрметті депутаттар, Жоғарғы сот судьясы Талғат Әулиеханұлы Ибрашевтың басқа лауазымға тағайындалуына байланысты қызметтен босату туралы ұсынысты қолдауыңызды сұраймын”, - деді Александр Шип.

Сенатор Нұрлан Бекзанаров бұл мәселе талқыға салынғанын жеткізді.

«Конституциялық заңнама, сот жүйесі, құқық қорғау органдары комитеті кеңейтілген отырыста Қазақстан президентінің Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Қазақстан президентінің ұсынымы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, Қазақстан Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 2-бабына, Қазақстан сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңның 33-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына, 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес комитет Сенатқа Талғат Әулиеханұлы Ибрашевты басқа қызметке тағайындауына байланысты Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады»,  - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі, құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.

Дауыс беру нәтижесінде сенаторлар ұсынысты қолдады.

Пікірлер