Америкада қазақстандық кішкентай қаламгер Айза Мұратқызының шығармасы кітапқа енді

1534
Adyrna.kz Telegram

Америкада кішкентай қаламгер Айза Мұратқызының шығармасы үздік деп танылып, кітапқа енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Назира Байырбек Facebook желісінде жазды.

Белсендінің жазуынша, енді Айзаның шытырман оқиғаға толы шығармасы Пенсильвания штатында мектеп кітапханаларында және Индиана кітапханасында тұрады.

“Америкада бәрімізден бұрын Айзаның шығармасы кітапқа енді.
Бұдан бұрын Нью-йорк мектептерінде фэнтэзи жанрындағы, капсуланың ішінде өмір сүретін адамдар жайлы жазбасы мақталып, қабырғаға ілінген.
Енді Пенсильванияның Индиана қаласында мектеп оқушылары арасындағы шығармашылық жоба кезінде Айзаның фантастика жанрындағы алты шығармасы үздік болып, кітапқа енді” деп жазды Назира Байырбек.

Айза өзінің жазушылық қабілеті жайлы Білім департаментіне “мәселені шешу және қиялдай білу” деп жауап берген екен.

 

Пікірлер