Қанды қаңтарда "әкімдікке басып кірді" деген 11 адамға қатысты үкім шықты

1744
Adyrna.kz Telegram

Алматыда қаңтар кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздік пен шабуылға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алған, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған 11 сотталушының ісі қаралды.

2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге — Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция кеңсесіне заңсыз кіргені анықталған. Сотталушылардың қылмыстық әрекеті мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді.

Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсеткені де аталды.

Сотталушы екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақатын салған.

Дегенмен, сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Рақымшылық туралы заңды қолдана отырып, әрқайсысы 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Одан бөлек, бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Ол Рақымшылық туралы заң аясында 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер